Сынақ орталығы

Тестілеу орталығы "Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы" ЖШС Қазақстан Республикасының аккредитация жүйесінде ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкестікке аккредиттелген, Аккредитация аттестаты № KZ.Т.14.1507 17.07.2014 ж. берілген.

Тестілеу орталығы Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті растау органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Тестілеу орталығы аккредитация саласына сәйкес сынақтарды жүргізеді.

Сынақтарды жүргізу тәртібі

1. Сертификаттау сынақтары:

- өтініш берушінің өнімді сертификаттау үшін сәйкестікті растау органына (СРО) өтінім беруі;

- сынақтар арқылы расталатын көрсеткіштер тізімімен сертификаттауды жүргізу туралы СРО шешімін шығару;

- өтініш берушімен сертификаттау қызметтерін көрсетуге шарт жасау;

- өнімді сынақтан өткізуге қажетті ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттарды белгіленген тәртіппен әзірлеу және бекіту;

- сынаққа арналған өнім үлгілерін таңдау және сәйкестендіру;

- өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарын дайындау, қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу және дайындау;

- өнімнің сертификаттау сынақтарын өткізу;

- сынақ жүргізу барысында алынған бастапқы деректерді жедел талдау;

- бастапқы деректерді нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өңдеу;

- сынақ хаттамаларын рәсімдеу және оларды СРО-ға қарауға беру.

2. Басқа да сынақ түрлері (алдын ала, бақылау, қабылдау, біліктілік, салыстырмалы және басқа да):

- тапсырыс берушіден сынақтар өткізуге өтінім қабылдау;

- тапсырыс берушіге сынақтарды өткізу бойынша қызметтерге коммерциялық ұсыныс беру;

- тапсырыс берушімен сынақтарды өткізу бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасау;

- өнімді сынақтан өткізуге қажетті ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттарды белгіленген тәртіппен әзірлеу және бекіту;

- сынаққа арналған өнім үлгілерін таңдау және сәйкестендіру;

- өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарын дайындау, қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу және дайындау;

- өнімнің сынақтарын өткізу;

- сынақ жүргізу барысында алынған бастапқы деректерді жедел талдау;

- бастапқы деректерді нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өңдеу;

- сынақ хаттамаларын рәсімдеу және оларды тапсырыс берушіге беру.

05.06.2020 Жүк тасымалы бір минутқа да тоқтаған жоқ

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер енгізді.

Қазақстандағы...

01.06.2020 Ел теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге дайын

Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатыла бастады. Белгілі болғандай,...