Сараптамалық қызмет

Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы теміржол көлігі саласында сараптамалық қызмет көрсету, техникалық сараптама жүргізу, стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу (ГОСТ, СТ РК), сондай-ақ сараптамалық және жұмыс топтарының жұмысына қатысу қызметтерін ұсынады.

Техникалық сараптама жылжымалы құрамның немесе теміржол жолының ақауларын анықтауға, әртүрлі аспаптар мен құрылғылардың техникалық жай-күйін тексеруге, жауапты тұлғалардың пойыз жүргізу ережелерін сақтауын бақылауға, сондай-ақ локомотивтер мен/немесе вагондардың апаттарының нәтижелерін талдауға бағытталған. Сараптама ақаулардың пайда болу себептері, қызмет көрсету мен жөндеудегі бұзушылықтар, зауыттық және пайда болған ақаулар туралы қорытындыларды береді.

Техникалық сараптама кезінде теміржол жолдары, жылжымалы құрам бөлшектерін өндіру және жөндеу сапасы, соның ішінде доңғалақ жұптары мен арба құйма бөлшектері, сондай-ақ теміржол жолының үстіңгі құрылым бөлшектерінің сапасы қолданыстағы ГОСТ және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес тексеріледі. Бұл тексерулер КазЦСЖТ-ның аккредиттелген сынақ орталығында металдың химиялық құрамын, сынақталған бөлшектің, тораптың механикалық қасиеттерін, металдың макроқұрылымы мен микроқұрылымын анықтау арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы сараптамалық қызмет аясында стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеумен айналысады. Мамандарымыздың тәжірибесі, біліктілігі және кәсіби деңгейі нормативтік базаны қалыптастыруға үлес қосуға мүмкіндік береді. 2017 жылы біз ГОСТ 34302-2017 «Пневматикалық аспалы және корпусының еңкею жүйесі бар локомотивтік тартқыш вагондарынан құралған қосарланған типтегі жолаушылар құрамдары. Жалпы техникалық талаптар» атты мемлекетаралық стандартты әзірледік. Бұл стандарт Тальго типіндегі пойыздарға қойылатын талаптарды анықтайды. Қазіргі уақытта біз өз бастамамызбен СТ РК «Теміржол жылжымалы құрамы. Теміржол жолына әсер етудің рұқсат етілген нормалары және сынау әдістері», СТ РК «Теміржол жылжымалы құрамы мен теміржол көлігі инфрақұрылымы объектілері үшін теміржол жолының сынақ учаскелері. Жалпы техникалық шарттар», СТ РК «Теміржол жолдарын қосу және қиылыстыру. Динамикалық беріктік сынақ әдістемесі» мемлекеттік стандарттар пакетін әзірлеудеміз.

Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды, техникалық регламенттерді және оларға өзгерістер енгізу мәселелерін талқылау кезінде Еуразиялық экономикалық одақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ шеңберінде жұмыс және сараптамалық топтар құрамында белсенді қатысады.

05.06.2020 ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыйлығының лауреаты атанды.
2020 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің шешімімен ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы...
05.06.2020 Жүк тасымалы бір минутқа да тоқтаған жоқ

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер енгізді.

Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатты, әуе қатынасы тоқтатылды, жолаушылар...

01.06.2020 Ел теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге дайын

Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатыла бастады. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасы кезең-кезеңімен ...