Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер енгізді.
Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатты, әуе қатынасы тоқтатылды, жолаушылар теміржол қатынасы тоқтатылды, қалалардың көшелері бос қалды. Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап, жүк теміржол қатынасы ел ішінде де, көршілес теміржол әкімшіліктерімен де бір күнге де үзілген жоқ.
Ұлттық жүк тасымалдаушысы жаңа сын-тегеуріндермен қалай күресіп жатқаны, қандай қорғаныс шараларын қабылдап жатқаны туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы, бас директоры Қайрат Саурбаев баяндайды.
2020 жылғы сәуір айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 20 миллион тоннадан астам жүк тиелді. Оның ішінде 8,5 миллион тоннадан астам көмір, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Қазақстандық тұтынушыларға 5,6 миллион тонна қатты отын жеткізілді, өсім 12%-ды құрады. Экспортқа 2,9 миллион тонна көмір тиелді, бұл 2019 жылдың сәуір айындағы деңгейден 9%-ға жоғары.
Сәуір айында темір және марганец кендерін тасымалдау 31%-ға, ел ішіндегі ұнтақтау өнімдері 12%-ға, түсті кендер мен күкірт шикізаты 13,3%-ға өсті. 640 мың тоннадан астам астық тиелді, оның ішінде экспортқа 425 мың тонна жөнелтілді.
Сәуір айындағы пайдалану жүк айналымы өткен жылғы деңгейден 3,5%-ға асып, 18,7 миллиард т-км нетто құрады. Қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 73 миллиард т-км нетто деңгейіне жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары.
Сонымен қатар, төрт айдың қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымының өсуі экспорттық қатынастарда сәуір айында 0,42 миллиард т-км нетто және транзиттік қатынастарда 1,07 миллиард т-км нетто тасымалдарының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл тасымалдардың өсу үрдісі мамыр айында да жалғасуда.
Төрт айдың ішінде 80,5 миллион тонна жүк тиелді. Атап айтқанда, 34,6 миллион тонна көмір, оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға – 25,5 миллион тонна, бұл өткен жылдың 4 айындағы деректерден 4,8%-ға жоғары.
2,9 миллион тонна астық, 7,1 миллион тонна түсті кендер мен күкірт шикізаты, 5 миллион тонна құрылыс жүктері, 8,3 миллион тонна темір және марганец кендері тиелді. Айта кету керек, халықаралық жүк теміржол қатынасында, оның ішінде Қытаймен тасымал көлемінің өсуі байқалады. Сәуір айында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы теміржол жүк тасымалы көлемі 48%-ға өсіп, 1,8 миллион тоннаны құрады. Жалпы, биылғы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 6 миллион тоннадан асты, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға жоғары.
Біз жүк тасымалдау процесіне тікелей қатысатын әрбір қызметкеріміздің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Қызметкерлерге жеке қауіпсіздік шаралары мен коронавирустық инфекцияның алдын алу әдістері туралы ақпарат берілді.
Жұмыс орындарында медициналық бетперделер мен қолғаптар міндетті түрде қолданылады. Жол бөлімшелерінің барлық үй-жайларында (әкімшілік ғимараттар, станциялар, деполар) санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді, қолды дезинфекциялауға арналған диспенсерлер орнатылды. Локомотив бригадалары қызметкерлерінің коронавирустық инфекцияны жұқтыруын болдырмау үшін локомотивтер профилактикалық дезинфекциядан өтеді.
Жұмысқа кіріспес бұрын машинистер, олардың көмекшілері, вагондарды тексерушілер медициналық тексеруден өтеді. Әр ауысым алдында дене температурасы міндетті түрде өлшенеді. Қызметкерлердің жұқтыру мүмкіндігін барынша азайту үшін кеңестер, техникалық сабақтар онлайн режимінде өткізіледі.
Барлық теміржолшыларға сақтық шараларын, жеке гигиенаны сақтау және басқа адамдармен кездесулерді барынша азайту ұсынылды.
Мемлекетаралық түйіспе пункттеріндегі қызметкерлер медициналық бетперделер, бір рет қолданылатын қолғаптар киеді, тепловизорлар қолданылады.
Жүк пойыздарын қабылдау кезінде теміржолшылардың байланысы барынша азайтылған. Пойыздарды қабылдау және тапсыру локомотив бригадасымен арнайы эпидемияға қарсы костюмдер, бетперделер және қолғаптар киіп жүзеге асырылады. Құжаттарды өңдеу операторы пойызды қорғаныс костюмінде қарсы алып, контейнерге салынған құжаттарды қабылдайды. Станцияда контейнер ашылар алдында ерітіндімен өңделеді. Құжаттарды кері беру осындай тәртіпте жүргізіледі.
Мемлекетаралық түйіспе пункттері арқылы тәулігіне орта есеппен 109 жүк пойызы қабылданады, 106 жүк пойызы тапсырылады.
Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер енгізді.
Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатты, әуе қатынасы тоқтатылды, жолаушылар...
Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатыла бастады. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасы кезең-кезеңімен ...