Ел теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге дайын

Ел теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге дайын
01.06.2020

Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатыла бастады. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасы кезең-кезеңімен қайта жанданады.

Осыған байланысты коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Көліктегі Бас мемлекеттік дәрігер теміржол вокзалдарында және пойыздарда санитарлық-карантиндік режимді қамтамасыз етуге қатысты бірқатар талаптар енгізді.

Атап айтқанда, теміржол вокзалдарының ғимаратына кіруге тек жеке қорғаныс құралдарымен (маскалар) және жол жүру билеті болған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты (1 метр) қатаң сақтай отырып рұқсат етіледі. Вокзалға кірген кезде жолаушыларды қауіпсіздік қызметі байланыссыз термометрия арқылы тексеретін болады. Жоғары температура анықталған адамдарды ішке кіргізбейді.

Вокзал аумағында жүрген адамдар арасында қашықтықты сақтау шарасы міндетті болады - кемінде 1 метр. Осы мақсатта еденде қашықтықты сақтау белгілері мен касса залдарындағы және күту залдарындағы орындықтарға қашықтықты сақтау көрсеткіштері қойылған, қабырғаға тақырыптық флаерлер орналастырылған. Вокзалдарда жолаушыларға санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы аудио және бейнетрансляциялар арқылы ескертіледі.

Контактілерді барынша азайту үшін билеттерді онлайн, соның ішінде BILET.RAILWAYS.KZ сайты, «Билеттер КТЖ» мобильдік қосымшасы, басқа сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы рәсімдеу ұсынылады. Сондай-ақ, бұрын алынған билеттерді қайтаруды кезең-кезеңмен жүзеге асырып, билет кассаларында көпшіліктің жиналуына жол бермеу ұсынылады.

15 мамырдан 30 мамырға дейінгі кезеңде жұмыс режимін көрсете отырып, ашылған билет кассаларының тізімі қоса беріледі. Билет кассалары карантиндік жағдайларға байланысты күндізгі уақытта жұмыс істейді.

Барлық вокзалдарда жолаушылардың тұратын орындарында жуғыш және дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, жиі ылғалды тазалау, едендерді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды және жолаушылардың қолымен жанасуы мүмкін басқа да беттерді дезинфекциялық сүрткіштермен (немесе дезинфекциялық ерітінділермен) сүрту арқылы күшейтілген санитарлық режим қамтамасыз етіледі.

Температура мен ауаның ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін желдету және ауаны кондиционерлеу жүйелерін тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) бойынша жұмыстар басталды. Табиғи желдету мүмкіндігі бар вокзалдарда барлық үй-жайлар күніне кемінде 3 рет 15 минуттан кем емес жиілікте желдетіліп тұрады.

Денсаулық жағдайына қатысты қатаң талаптар теміржол вокзалдарының және пойыздардың персоналына да қойылады: барлық қызметкерлер кезекке дейін міндетті түрде термометриямен медициналық тексеруден өтеді, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын қолдану алгоритмі бойынша міндетті нұсқаулықтан өтеді, жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертіледі және олардың қатаң сақталуын қадағалайды.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Возврат к списку

05.06.2020 ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыйлығының лауреаты атанды.
2020 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің шешімімен ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы...
05.06.2020 Жүк тасымалы бір минутқа да тоқтаған жоқ

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер енгізді.

Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатты, әуе қатынасы тоқтатылды, жолаушылар...

01.06.2020 Ел теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге дайын

Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатыла бастады. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасы кезең-кезеңімен ...