ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыйлығының лауреаты атанды.

ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыйлығының лауреаты атанды.
05.06.2020
2020 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің шешімімен ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2019 жылғы ТМД Сыйлығы "Қызметтер" номинациясында 250 адамға дейін жұмыс істейтін ұйымдар санатында берілді.

Өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыйлығы (бұдан әрі – ТМД Сыйлығы) ТМД-ға мүше мемлекеттердің ұйымдарына өнімдер (қызметтер) сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ сапаны басқарудың заманауи әдістерін енгізуі үшін екі жылда бір рет конкурс негізінде беріледі.

ТМД Сыйлығын алу конкурсы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2005 жылғы 25 қарашадағы шешіміне (2011 жылғы 18 қазандағы және 2013 жылғы 20 қарашадағы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімінің редакциясында) сәйкес келесі мақсаттарда өткізіледі:

  • ТМД-ға мүше мемлекеттерде өндірілетін өнімдер немесе қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының ұлттық бастамаларын қолдау және күш-жігерін біріктіру;
  • ТМД-ға мүше мемлекеттердің ұйымдарының экспорттық мүмкіндіктерін арттыру;
  • ТМД-ға мүше мемлекеттерде жоғары сапалы өнім өндіруді немесе жоғары сапалы қызмет көрсетуді ынталандыру, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізу.

Возврат к списку

05.06.2020 ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыйлығының лауреаты атанды.
2020 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің шешімімен ТОО «Қазақстан теміржол көлігіндегі сертификаттау орталығы» өнім мен қызмет сапасы...
05.06.2020 Жүк тасымалы бір минутқа да тоқтаған жоқ

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер енгізді.

Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатты, әуе қатынасы тоқтатылды, жолаушылар...

01.06.2020 Ел теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге дайын

Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатыла бастады. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасы кезең-кезеңімен ...